Биологиялық физиканың лабораториялық сабағына әдістемелік нұсқау
Book information
Description
Биологиялық физиканың лабораториялық сабағына арналған методикалық нұсқауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүргізілетін биофизика курсының лабораториялық жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары берілген. Лабораториялық жұмыстар кіші және арнайы биофизикалық практикумдарға арналған. Лабораториялық жұмыстарды орындау барысында аса қымбат құрал-жабдықтардың қажеттілігін талап етпейді, оқу лабораториясында орындауға қиыншылықтар тудырмайды. Әдістемелік нұсқауда биофизиканың негізгі тараулары: термодинамика, биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі, биоэлектрлік құбылыс, биологиялық жүйелерді зерттеудің фотометриялық әдістемесі, биологиядағы және медицинадағы лазерлер т.б. қарастырылған.Әрбір жұмыстың соңында лабораториялық жұмыстардағы процестер мен құбылыстарды терең де кең түсінуге көмектесетін өзіндік бақылау сұрақтары беріледі.Беріліп отырған әдістемелік нұсқау «Биология», «Биотехнология», «Экологиялық биофизика» мамандығында оқитын студенттерге арналған оқу құралы ретінде ұсынылады.
Similar books
Биофизика: оқу құралы
2011 · PDF
Qazaqşa Söyleseyik - 哈萨克语口语 (Let's Speak Kazakh)
2009 · PDF
Türikşe Tilaşar Kazakça Konuşma Kılavuzu
Оқу-әдістемелік кешен: А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
2022 · PDF
Jaꞑa àləpbi nege kerek? جاڭا ءآليپ-بى نەگە كەرەك؟
1924 · PDF
Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі)
2013 · PDF
Qazaq tu̇rkīlerīnīn͡g shyghu tegī: IX-XV ghasyrlar : oqu qūraly
Қытай мəдениетінің тарихы
2011 · PDF